22.06.2016, 12:43
Оқылды: 26

Оралда Қазақстан полициясы күні аталып өтті  

den police

23 маусым - Қазақстан полициясы күні мерекесіне орай БҚО ІІД қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және арнайы дайындық базасында облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұловтың қатысуымен салтанатты шара өтті.


 

         Мерекелік шараға қатысушылар алдымен қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған ішкі істер органдарының қызметкерлеріне орнатылған белгі тақтаға гүл шоқтарын қойды. Қазақстан полициясының құрылғанына 24 жыл толуына мерекесіне орай сап түзеген ІІД жеке құрамымен шараға қатысушылар Ақтөбе қаласында жасалған террорлық акті кезінде қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

den police (2)  Салтанатты шарада ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұхамбет Қасымовтың полиция қызметкерлерін құттықтау хаты оқылды. Сонымен қатар кәсіби мерекеге орай қызметтік міндетін мінсіз атқарғаны үшін бір қатар тәртіп сақшылары министрліктің, облыс әкімінің, ішкі істер департаментінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Аталған министрліктің алғыс хатымен құқық қорғау жүйесінің әртүрлі саласында қызмет ететін полиция подполковниктері Гүлнар Қаташева, Ерлан Хакимов, Марат Базаров, Андрей Бахин марапатталды.

den police (1)Адал қызметі үшін өңір басшысының марапатына ие болғандар қатарында ІІД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Илья Кеникстул, ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бөлімше бастығы Жасұлан Есенғалиев, жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың аға инспекторы, полиция капитаны Бекет Нығметов бар.

Мерекелік іс-шара барысында ішкі істер органдары қызметіне жаңа алынған 16 жас маман салтанатты түрде ант қабылдады. Ішкі істер органдары қызметкерлері кәсіби мерекеге арналған жиынды салтанатты саптық шерумен аяқтады.

www.zhaikpress.kz

Нұрбек ОРАЗАЕВ

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале