4.09.2015, 18:09
Оқылды: 35

"Орал- жастар көзімен"

сурет байкауыБүгін Қала күні мерекесіне орай БҚО жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен "Орал-жастар көзімен" атты жас суретшілер сайысы оздырылды.

суретА.Н.Островский атындағы орыс драма театрының алдында ашық аспан астында ұйымдастырылған сайысқа қатысам деушілер көп болды. Қала күніне қатысты сұрақтар қою арқылы екі кезеңге 10 қатысушы іріктеліп алынды. Қатысушылар арасында мектеп оқушылары мен колледж студенттері болды.

Жарыс қорытындысы бойынша, І орынды иеленген Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің студенті Серіков Нұрдәулетке сельфи таяқша (монопод), ІІ орынды еншілеген Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенті Беркінов Айдосқа SAMSUNG DUOS маркалы ұялы телефонын, ІІІ орынға табан тіреген Жарасова Данагүлге MONSTRBEATS  MP3 құлаққабы табыс етілді.

www.zhaikpress.kz

Ринат Махсутов

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале