18.10.2016, 16:24
Оқылды: 85

Орал шаһарында «Сары дала сағынышы – сал Мұхит» атты мәдени-көпшілік шаралар басталды

????????????????????????????????????

  Бүгін Орал шаһарында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығы, Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен халық композиторы, әнші-ақын Мұхит Мерәліұлының 175 жылдығына арналған «Сары дала сағынышы – сал Мұхит» атты мәдени-көпшілік шаралар бастау алды.


         Мәдени-көпшілік шаралар мақсаты – өнер әлемінде өзіндік орны бар біртуар тұлға, әнші-композитор Мұхит Мерәліұлының есімін мәңгі есте сақтау, дәстүрлі ән мектебінің ұлы көшін үзбей, келешек ұрпаққа кеңінен насихаттап, өнер әлемінде жаңа есімдерді ашу.

         Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның залында Үш жүзден ән оздырған әнші Мұхит бабамыздың 175 жылдығына арналған «Сары дала сағынышы – сал Мұхит» атты республикалық әншілер байқауына қатысушы үміткерлердің жеребе тастау рәсімі оздырылып, қазылар алқасы таныстырылды.

????????????????????????????????????

         Байқауға қазылық етуге Түркістан қаласынан ҚР Халық әртісі, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушысы, профессор, әнші-термеші Қажыбек Бекбосын, Ақтөбе қаласынан «Мәдениет майталманы» белгісінің иегері, әнші-термеші Хайдар Өтеғалиев, Атырау қаласынан республикалық байқаулардың жеңімпазы Қайрат Кәкімов арнайы шақырылды.

         Сонымен қатар, қазылар алқасы құрамында ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ақын, әнші Қатимолла Бердіғалиев, ҚР еңбек сіңірген әртісі, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі Сәуле Таудаева, ҚР мәдениет қайраткері, облыстық «Мұхит» қоғамдық қорының директоры Сағадат Рахметжанов, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі Серік Әбдірахмановтар бар.

         «Сары дала сағынышы – сал Мұхит» атты республикалық әншілер байқауының жеребе тастау рәсімінде еліміздің түпкір-түпкірінен келген қатысушы үміткерлер жеребе суырып, олардың өнер көрсетуінің реттік саны анықталды.

         Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген ҚР Халық әртісі, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушысы, профессор, әнші-термеші Қажыбек Бекбосын, «Мәдениет майталманы» белгісінің иегері, әнші-термеші Хайдар Өтеғалиевтер байқаудың жоғары деңгейде өтуіне, баба мұрасының қанатын кеңге жая беруіне тілектестігін білдірді.

 

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе-Орал

Суреттерді түсірген

Райымбек АБАЕВ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале