4.12.2015, 19:41
Оқылды: 70

Орал қаласындағы «Ел ырысы» базары сатылмайтын болды

El irisi   Орал қаласының билік өкілдері «Ел ырысы» базарын сату туралы ойдан бас тартты, деп хабарлайды www.batysnewskz.kz сайты.

Бұл жөнінде «Орал әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Ұлттық компаниясы» АҚ мәлімдеп отыр. Олар осы күнге дейін 2 рет 50 пайыздық бағаға базарды сатуға талпынғанымен қызығушылық білдіргендер табылмаған.

- 2011-жылы базар «Орал әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының» еншісіне берілді. Сол жылы базардың 50 пайызы бірлесе басқаруға көшу мақсатында сатуға қойылған болатын. Алайда жалпы құны 200 миллион теңгеге бағаланған сауда орнын сатып алуға тілек білдіргендер табылмады,-дейді «Орал әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ҰК АҚ» басқармасының төрағасы Ержан Балтаев.

Содан 2014-жылы тағы бір мәрте аукцион өтіп, базардың құны 75 млн теңге болып түсірілді. Ал қызығушылық танытқандар бұл жолы да болмаған.

Еске сала кетейік, «Ел ырысы» базарының ашылғанына бүгінде 15 жылдың жүзі болды. Сатушылар қазір сауда орны дамудың орнына кері кетіп жатыр деп шағымданып отыр. Себебі, мында қазір тұтынушылар жоқтың қасы.

Роза есімді сатушының айтуынша, адам аяғы базарда өте сирек байқалады.

- Оған жалдық ақының қымбаттығынан өнім бағасының қолжетімсіздігі себеп, әрі орталыққа өте қашық,- дейді ол.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін делдалсыз төмен бағаға сатып алу үшін ашылған базар сөйтіп өз бағытында тиісті деңгейде жұмыс жасай алмауда. Корпорация осы орайда ауқымды нысанда индустриялды парк ашуды көздеп жатқандарын жариялап, көпшілікті тыныштандырып отыр.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале