23.09.2015, 18:15
Оқылды: 22

Орманшыларға су жаңа көліктер тапсырылды

Ormanshilarga kolik   Орман шаруашылығы – еліміздегі  маңызды салалардың бірі. Аталмыш сала бойынша өңірімізде сегіз мемлекеттік мекеме, 400-ден астам адам жұмыс жасайды.  Жақында орман шаруашылығының қызметкерлері  төл мерекелерін атап өтпек. Осыған орай, облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов сәрсенбі күні аталмыш сала мамандарын мейрамдарымен құттықтады.

- Қазіргі таңда өңірімізде 215 мың гектардың үстінде орман алқабы болса, соның 102 мың гектары орманмен көмкерілген. Осы орман алқабын күтіп-баптауда, қорғауда, молайтуда орман қызметкерлерінің еңбегі зор. Ормандағы өрт қауіпсіздігі, жалпы осы саланы дамыту жөніндегі мәселелер облыс әкімдігінде, жергілікті мәслихат жиындарында, комиссия отырыстарында жиі көтеріліп келеді. Осыған орай,  облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қолдауымен аталмыш  сала жұмысын дамыту үшін қажетті техникалар бөлінді. Бүгін сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтап, сол көліктердің кілтін тапсырмақпыз. - деді  Арман Кәрімұлы өзінің құттықтау сөзінде.

Бұдан соң облыс әкімдігінің өкілі өңіріміздегі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерге су жаңа техникалардың кілтін салтанатты түрде табыс етті. Олардың қатарында Орал, Ақжайық, Бөрлі, Тайпақ, Орда, Чапаев, Шыңғырлау және Январцев  орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері бар. Аталған мекемелерге «УАЗ» фермер автокөліктері мен жолаушы тасымалына арналған машина, «МТЗ-80» тракторлары, суаруға арналған «Водолей» тіркемесі және «ГАЗ» вакуумды машинасы берілді.

www.zhaikpress.kz

Айша ӨТЕБӘЛІ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале