8.06.2015, 19:52
Оқылды: 22

Орташа балл – 83,6

ЕНТБүгін облыстық білім басқармасы өкілдері биылғы ҰБТ қорытындысы жөнінде брифинг өткізді.

- ҰБТ биыл да облыстағы 9 тестілеу пунктінде өтті. Оның жетеуі аудандарда, екеуі облыс орталығында. 4581 мектеп бітірушінің 3116-сы, яғни 68 пайызы ҰБТ-ға қатысты. Орташа балл – 83,6 (былтыр - 82,2). Орташа балл бойынша Қазталов, Бөкейордасы, Қаратөбе аудандары төмен нәтиже көрсетіп отыр. Облыста биылғы 39 түлек – түрлі халықаралық деңгейдегі білім сайыстарының қатысушылары, жеңімпаздары министрліктің бұйрығымен ҰБТ-дан босатылды.

«Алтын белгіге» үміткер 235 түлектің 120-сы өз білімін дәлелдеді. «Ерекше аттестатқа» 98 үміткердің 32-сі білімдерін қорғай алды,-деді білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Ғұмарова.

ҰБТ-ны өткізу ережесіне сай, «Алтын белгі» иегеріне бір пәннен 1 балл жетпей қалса «Ерекше аттестат» берілетін еді. Биыл 21 түлекке тап осылай 1 балл жетпей қалған. Сондықтан «Ерекше аттестат» иегерлерінің жалпы саны 53 болмақ.

Облыс түлектерінің 19,6 пайызы, яғни 611-ы 100-ден асыра балл жинағандар. Облыс бойынша 12 түлек аппеляцияға өтініш беріп, олардың 8-іне 1 балдан қосылған. ҰБТ нәтижесі есепке алынбай тасталған түлек жоқ. 50 балл шекті деңгейден 300 түлек өте алмаған. Бұл қатысушылардың 9,6 пайызы. Ал облыста ең жоғарғы 125 балды жинаған жалғыз оқушы – Теректі ауданындағы «Үміт» тілдер гимназиясының түлегі Сымбат Самат.

www.zhaikpress.kz

Нұрлыбек РАХМАНОВ

 «Орал өңірі»

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале