1.03.2016, 10:56
Оқылды: 21

Отанға деген махаббаттың ең басты нышаны – еңбек, тек қана еңбек

????????????????????????????????????

   Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов жылдар жүзінде келген ормалман отбасылар мүшелерімен кездесті. Алғыс айту күнімен орайлас келген бұл дидарласуда Әділ Тауфиқұлы Отанға оралғандардың ауданның өркендеуіне қосып отырған салмақты үлестері үшін зор ризашылығын арнады.

2003-2013 жылдарда Ақжайыққа 49 жанұя көшіп келген. Олардан 68 адам еңбекке орналастырылған. 12 адам Ақжайық агротехколледжінен аспаз, ЭВМ операторы мамандықтарына оқыған. Сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының ІІ бағыты бойынша 5 адам несие серіктестігін құрып, 8 млн. теңгеге қол жеткізіп, шағын наубайхана ашып, мал өсіріп жатыр. Ал 8 отбасына жаңа тұрғын үй салу үшін жер телімі бөлінген.

Жүздесуде осындай тірлік-тыныстың барысы жайында кеңінен әңгімеленіп, олар алдағы жоспарларымен бөлісті. Отанға деген махаббаттың, алғыстың ең басты нышаны әрине, еңбек, тек қана еңбек. Осы хақында жүрекжарды толғамдар ортаға салынды. Зейнеткерлер Иргали Перманов, Замира Қоңғыратбаева, «Қазақтелеком» АҚ монтеры Амантай Баймағанбетов (Чапаев ауылы), Жаңабұлақ орта мектебінің мұғалімі Медет Юсупов (Жаңабұлақ ауылы), аудан орталығындағы «Жайықтехсервис» кәсіпорынның механизаторы Қуаныш Селеуов пен дәнекерлеуші Батырхан Жұмағалиев сөз сөйлеп, өздеріне деген барлық көңіл мен назар үшін аудан жұртына, әкімге алғыстарын арнады.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале