2.10.2015, 19:34
Оқылды: 17

Отбасы жайы талқыланды  

 

отбасы 1Зеленов ауданы Мичурин ауылында "Отбасы - қоғам негізі" тақырыбында кеңес өтті.

Ауылдағы өнегелі отбасылардың басын қосқан кеңеске "Гауhар жолы" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Гүлнәр Бисенова, "Нұр Отан" партиясы Зеленов филиалы төрағасының бірінші орынбасары Анотолий Сигунов және аудандық мекеме, бөлім басшылары қатысты.

Берекелі отбасының қоғамдағы маңызды рөлін сөз еткен кездесуде жастар тәрбиесі, қоғамдық тәртіп жайы көтеріліп, ұлттық салт-дәстүріміздің кеңінен насихатталуы талқыланды.

www.zhaikpress.kz

Нұржан Дүзбатыр

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале