27.07.2015, 12:18
Оқылды: 16

Парламент Мәжілісінің депутаты-Жәнібекте

Janibek dep03   26 шілдеде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Самиғолла Оразов Жәнібек ауданында болып, аудан орталығындағы бірқатар нысандарды аралап, олардың жай-күйімен танысты. Мәжіліс депутаты жұмыс сапары барысында Жәнібек ауылында жуырда ғана жаңадан пайдалануға берілген «Алтын ұя» балабақшасына бас сұғып, аталмыш мекеменің бүгінгі жағдайына жіті назар аударды. Бұдан соң ол аудан орталығындағы Жәнібек колледжіне барып, осы оқу орнының биыл күрделі жөндеуден өткен асханасы мен жатақханасын көріп, ғимараттың жаңғырып, жаңарған қалпына ризашылығын білдірді. Мәжіліс депутаты, сондай-ақ Жәнібек ауылының солтүстік беткейінде нақты жайғастыру негізінде 157 жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын жүргізу жұмыстарына қанағаттанушылығын білдірді. Сонымен қатар Самиғолла Хамзаұлы аудан орталығында «Қолжетімді баспана-2020», «Дипломмен ауылға» бағдарламалары бойынша салынып, пайдалануға берілген үйлерді көріп, осы мекенжайларда қоныстанған тұрғындарға «Қоныс құтты болсын!» айтты. Қазақстан Республикасы Парлементі Мәжілісінің депутаты, бұдан әрі Жәнібек-Қазталов тасжолының құрылысын, аудандық мұражайдағы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналып жасалған Жәнібек ауылының соғыс жылдарындағы бейнесі кескінделген панораманы, сол сияқты жолаушылар тасымалымен айналысатын «Нұр» жеке кәсіпкерлігінің жөндеуден өткізілген ғимаратын аралап, ауылда жүзеге асып жатырған әлеуметтік-мәдени істерді оң бағалады. Мәжіліс депутаты ауданда болған кезде онымен бірге  аудан әкімі Мұрат Мұқаев, аудандық мәслхат хатшысы Тахир Қадимов тағы да басқа адамдар ілесіп жүрді.

www.zhaikpress.kz

                                                                        Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале