7.11.2016, 10:54
Оқылды: 38

Партия мүшелері сайланды

%d0%bf%d0%b0%d1%80%d1%82%d0%b8%d1%8f-%d0%bc%d2%af%d1%88%d0%b5%d0%bb%d0%b5%d1%80%d1%96-%d1%81%d0%b0%d0%b9%d0%bb%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d1%8b   Ақсай қаласында «Нұр Отан» партиясы Бөрлі аудандық филиалының ХХІ конференциясы өтті. Аталмыш конференцияға «Нұр Отан» партиясы Бөрлі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Ізтілеуов төрағалық етті.


«Нұр Отан» партиясының жарғысына сәйкес Бөрлі аудандық партия филиалының конеренциясына 81 делегат сайланды. Конференция жұмысына 75 делегат, сонымен қатар бастауыш партия ұйымының төрағалары, аудандық партия филиалының  саяси кеңес мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдрының өкілдері қатысты. Күн тәртібінде  «Нұр Отан» партиясы Бөрлі аудандық филиалының  есепті кезеңдегі жұмысы, партияның аудандық филиалының саяси кеңесі құрамын сайлау, «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының кезекті конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелері қаралды.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале