20.11.2015, 17:24
Оқылды: 23

Переметное ауылының аңғал зейнеткерлерінің 1 537 704 теңгесі көкке ұшты

Pensioner  Ресейдің «Раз ТВ» каналынан емші-көріпкелдің бағдарламасын көрген  Переметное ауылының «Ч» есімді зейнеткері сол бағдарламаға қоңырау шалып, жұбайы екеуінің денсаулықтарында кінәрат бар екендігін жеткізеді.

Өзін Татьянамын деп таныстырған көріпкел олардың сырқаттарынан толықтай сауықтыратынын айтқан.  Алайда ол үшін алғашқы сеансқа 80000 теңге  төлеп,  поштаға  жедел жіберуін сұраған. Көріпкеліміз сонда ғана  емді бірден бастайды екен.


 

Кейін зейнеткер 80000 теңгесін алаяқ көрсеткен шотқа аударып телефон арқылы емін алған. Ақшаға қарқ болған  алаяқ  күнделікті қоңырау шалып өтірік ем жүргізген.

Ем алып жүрген қариялар қаражатының таусылғанына қарамастан тума-туыс, көрші- көлемнен қарызға ақша алып, белшесінен батқан.

Сайып келгенде, аңғал зейнеткерлердің 1 537 704 теңгесі көкке ұшты.

Аудандық ішкі істер бөлімі ҚР ҚК 190 бабы 3 бөлімі «алаяқтық» фактісі бойынша тергеу амалдарын жүргізіп, айлакердің үстінен қылмыстық іс қозғалуда.

www.zhaikpress.kz

Динара Насыр

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале