14.10.2015, 15:46
Оқылды: 23

Приурал ауылында спорт алаңы ашылды

 

ZH-350x350Бөрлі ауданының Приурал ауылдық округінде әмбебап спорт алаңы пайдалануға берілді.

Ашылу салтанатына Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Жаңабай Қаналин, Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қабдіжәмел Нәсіпов, Приурал селолық округінің әкімі Талғат Райымқұлов, түлектер бірлестігінің төрайымы Салиха Құлманғожиева, мектеп директоры Г.Қанатбаевалар қатысты.

Спорт алаңының құрылысын жасақтап, дер кезінде тапсырған «Карат» ЖШС-нің  басшылығына ауыл тұрғындары дән риза.

Ізгі іс келер жылы да жалғасын тауып, Бөрлі ауылдық округінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады деп жоспарлануда.

www.zhaikpress.kz

М.Ижекенова,

Приурал мектеп-балабақша кешені

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале