8.06.2015, 19:30
Оқылды: 17

Рамазан - кешірім мен мейірім айы

Ait kytti bolsin«Нұр Отан» партиясы ғимаратының  мәжіліс залында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқанов, облыстың бас имамы Руслан Сұлтанов БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді. 

Баспасөз мәслихатының алдында ҚМДБ бас мүфтиі Ержан қажы Малғаждарұлының Рамазан айы алдындағы халықты бірлікке, мейірімділікке шақырған үндеуі оқылды.  Қасиетті Құранда: «Рамазан - адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретінде Құран түсіріле бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам бірден ораза ұстайтын болсын» («Бақара» сүресі, 185-аят)  делінген.

Өз кезегімен сөз алған Сансызбай Шоқанов Рамазан айының  қадір-қасиетіне тоқталып, ұлық айдың ерекшеліктерін атап өтті.

Облыстың бас имамы Руслан Сұлтанов биыл пітір садақа мөлшері еліміз бойынша  200 теңге болып белгіленгендігін жұртшылық назарына ұсынды.

Сонымен қатар ораза ұстауға ниеті болғанмен, денсаулығы жарамайтын жандар фидия бере алады. Фидия дегеніміз - таңертең және кешке, яғни күніне екі мезгіл бір міскінді тойдырып тамақтандыру немесе соған жететіндей мөлшерде қаржы беру. Рамазан айы биыл 18 маусымда басталып, 29 күнге созылады.

www.zhaikpress.kz

Гүлжамал  ЖОЛДЫҒАЛИ

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале