23.02.2016, 17:26
Оқылды: 25

Расулдың кезекті күмісі

????????????????????????????????????

 Үстіміздегі айдың 15 мен 17-сі аралығында Қостанай қаласында гір спортынан ел біріншілігі өтті. Аталмыш сайыста облыс намысын қорғаған Зеленов ауданының тұрғыны Расул Төлеуов тамаша нәтиже көрсетті. Өз жас ерекшелігі бойынша 85 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жас талант гірді ұзын циклмен көтеру жаттығуында 54 ұпай жинап, ел чемпионатының күміс медалін еншіледі. Бұл Расулдың ел біріншіліктеріндегі екінші жүлдесі. Осыдан бір жыл бұрын Шымкент қаласында өткен ел чемпионатындағы күміс жетістігін қайталаған спортшы алда облысымыздың Ақсай қаласында өтетін елішілік дайындық жүргізуде.


 «Еліміздің әр өңірінен келген үздік спортшыларымен таласқа түскенім өзіме жақсы. Бұйырса Ақсайда жұлқа және серпе көтеру жаттығулары бойынша өтетін чемпионатқа дайындық жүргізіп жатырмын. Сол жарыста алтыннан алқа тағам деген үміттемін»,-деген жас спортшыға тек қана жеңістер тілейміз.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале