10.06.2015, 16:18
Оқылды: 21

Ресейден жеңіспен оралды

2-суретРесейдің Астрахань  облысы,  Басқұншақ  кентінде волейболдан «Жоғары Басқұншақ кубогі» үшін жарыс ұйымдастырылды. Оған ауданымыздан Сайқын мен Мұратсай ауылдарының командалары қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатында Жоғары Басқұншақ кентінің әкімшілік басшысы А.Н. Асташкин көршілес ел мен арадағы достық қарым-қатынастың нығайуы жайында сөз сабақтап, Бөкей ордасы ауданы әкімі Н.Рахымжанов ресейліктердің ыстық ықыласына ризалығын білдіріп, ойыншыларға сәттілік тіледі.

Қызықты әрі тартысты өткен жарыс нәтижесінде бөкейліктердің бағы басым түсіп, екі команда да тамаша ойын өрнегін көрсетті.

Финалда мұратсайлықтар І орынды қанжығасына байласа, сайқындық команда ІІ орынды місе тұтып, ал Жоғарғы Басқұншақ кентінің спортшылары ІІІ орынға  табан тіреді.

www.zhaikpress.kz

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале