16.08.2016, 19:57
Оқылды: 25

Ресейлік профессордың шеберлік класы

ИрменовРесейдегі «Көз микрохирургиясы» МНТК» ФГАУ орынборлық филиалының директоры, профессор Александр Чупров қаламыздағы облыстық клиникалық ауруханада болып, «Көз алмасының алдыңғы бөлігінің хирургиясы» тақырыбында шеберлік класын жүргізді.


- Біздің облыстық клиникалық аурухана бірнеше жылдан бері Ресейдің Орынбор қаласындағы медицина саласының қызметкерлерімен тікелей байланыста жұмыс жасап келе жатқаны белгілі. Бүгінгі таңда бұл байланыс ерекше деңгейде жалғасын табуда. Облысымыздың тұрғындары көз ауруларына байланысты ота жасату үшін Орынбор қаласындағы орталыққа көбірек жүгінеді. Сол кезде тұрғындарға өзге елдің аумағына өту, жол мәселесі секілді түрлі мәселелер кездеседі. Мұндай қолайсыздықтардан арылу үшін аталмыш бағыттағы оталарды өзіміздің облыстық клиникалық ауруханада жасауға қол жеткізу  бүгінгі шараның басты мақсаты десе болады, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамидолла Ирменов.

Шара барысында өзара әріптестік байланыс туралы меморандумға қол қойылды.

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ,

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале