7.09.2015, 9:00
Оқылды: 29

Ресей азаматшасына айыппұл салынды

ZH    Тасқала аудандық соты Қазақстан Республикасында мекендеу режимін бұзған үшін Ресей Федерациясының азаматшасына қатысты әкімшілік іс қарады.

ҚР ҰҚК ШҚ «Тасқала» шеқара бекетінде төлқұжаттарды тексеру барысында шекара қызметкерлері РФ азаматшасы П-ның  Халықтың мекендеуі бойынша  ҚР заңнамасын бұзып, ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабының 2 бөлігінде көзделген мерзімдерінен астам ішкі істер бөлімінде тіркелмегенін анықтады.

Соттың қаулысымен  РФ азаматшасы  кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде  29 730 теңге  мөлшерінде  әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енгенжоқ.

Сонымен қатар биылғы  жылдың қаңтар айынан бастап көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 28 азамат жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 8 азамат әкімшілік қамаққа алынды, ал 17 азаматқа айыппұл салынып, 2 азамат Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарылды.

www.zhaikpress.kz

Г.Молдашев

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале