11.03.2016, 12:43
Оқылды: 28

Республиканың екі аймағында жол жабық

Taigak jol   Ауа райының қолайсыздығына байланысты Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ Комитетінен хабарлады.


Ақтөбе облысында  ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) «Самара-Шымкент» республикалық тас жолы 703 шақырымынан 526 шақырымына (Маржанбұлақ  ауылынан БҚО шекарасына) дейін және 773 шақырымынан 835 шақырымына дейін (Белогорка ауылынан Хромтау қаласына) дейін жүк және жолаушылар автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.

Сондай-ақ ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» республикалық тас жолы 11 шақырымынан 92 шақырымына (Ақтөбе қаласынан Қандыағаш қаласына) дейін жүк және жолаушылар автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ салдарынан барлық бағыттар бойынша көліктің барлық түрлеріне жол жабық.

 www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале