4.06.2015, 12:40
Оқылды: 22

Рәміздерімізді құрметтейік!

IMG_75534 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қазталов ауданының орталығында акция өткізілді.

Акцияда сөз алған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр жиналғандарды мерекемен құттықтады.

- Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады. Рәміздеріміздің тұғыры биік болсын! - деген тілегін жеткізді аудан басшысы.

Акция барысында патриоттық әндер шырқалды.

www.zhaikpress.kz

Гауһар ҚҰРМАНҒАЗИЕВА

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале