18.05.2016, 12:21
Оқылды: 16

Саз мектебінен сүйінші хабар жетті

Zelenov saz mektebi     Ақтөбе қаласындағы Ахмет Жұбанов атындағы саз колледжінде үрмелі және ұрмалы аспаптарда ойнаудан ҚР еңбегі сіңірген қайраткері Владимир Фоменконың атындағы бірінші ашық аймақтық байқау өткен болатын.

     Өнер додасына әр аймақтан қатысқан саз мектебінің оқушылары және колледж студенттері бақ сынады.


   Осы байқауға ауданымыздың намысын қорғап, Зеленов аудандық балалар саз мектебінің өнерпаздары қатысқан еді. Нәтижесінде кларнет класы бойынша кіші топта Тагир Сатаев ІІІ дәрежелі лауреат атағын қанжығасына байлады. Ал, дәл осы топта Әлихан Қалиханов, орта топта Айбар Серіков байқаудың дипломанты атанды.

    Тағы бір айта кетерлігі, балалар саз мектебінің директоры Ляззат Қажығалиева балаларды өнерге баулу мен үрмелі және ұрмалы аспаптарда ойнауға үйретуде қосқан үлесі үшін А.Жұбанов атындағы Ақтөбе саз колледжінің директоры А.Исмағұлов атынан алыс хатпен марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Д.ҒҰМАР

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале