19.04.2016, 16:01
Оқылды: 54

Сайқындықтар тасаттық садақа берді

Saikindiktar sadaka berdi     Сайқын ауылының шығыс бетіндегі Шәндекен қорымынан беріректегі көкорай шалғында сайқындық жамағат жиылып тасаттық садақа берді. Аудан имамы Н.Иманғалиев ислам дініне бет бұрудың маңыздылығына тоқталып, тасаттық жайында түсінік берді.


      Дұға оқып, Жаратушыдан ауа райының қолайлылығын, жаңбыр жаууын, ел тыныштығын, әр шаңырақтың амандығын сұрап, тілек тіледі. Аудан әкімі Н.Рахымжанов тәңір қолдап, дұға-тілектеріміз қабыл болғай деген ізгі ниетін жеткізді. Одан әрі садақа «Думан» тойханасында арнайы жайылған дастарқан басында жалғасты.

www.zhaikpress.kz

А.ЖҮНІСОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале