17.07.2015, 14:11
Оқылды: 18

Сайқындық жас кәсіпкер іскерлік танытуда

Bokeei010  Бүгінде әлі күнге баспанаға қол жеткізе алмай жүрген ауылдастарымызжер телімін алып, өз шама-шарқы келгендерінше бірі қамыстан, бірі саман тастан үй тұрғызып жатыр. Оған қажетті материалдарын үзбей тасымалдап отыратын кәсіпкерлер қатарына биыл сайқындық Мұрадым Төлегенов те қосылды. Ол жергілікті халықтың сұранысын қанағаттандырмақ ниетпен,көршілес Ресейдің Волгоград пен Нижнее-Новгород қалаларынан құрылыс тауарларын тасымалдауды бастап та кетіпті. Ғаламтор арқылы да тапсырыс беруді жолға қойып алған алғыр жігіт жазғы сарайы мен гаражының ішін түрлі құрылыс материалдарына толтырып қойыпты. Онда ұсақ-түйек шеге-шуруптан бастап, тақтайдың түр-түрі, техникалық аппараттар (бұрғы (дрель), дәнекерлеуші (сварка), кесу құралы (болгарка), аралар, шифер, қарақағаз, түсқағаз, линолеум және сыр секілдікүнделікті керек-жарақтар да молынан екен. Бағалары да өзге сауда орындарымен салыстырғанда әлдеқайда арзан әрі сапасы да жақсы көрінеді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале