25.08.2016, 14:02
Оқылды: 15

Сайқұдықта шаруасын сайлаған жігіт

IMG_3230«Тәуелсіз еліміздің жастары қоғамның айнасы іспетті. Себебі, жастардың атқарған қызметі арқылы елдің болашағын болжай аламыз» деген еді алдыңғы толқынды ағалар. Бүгінде сол мүддеден шығып, ата кәсіппен айналысып жүрген жастарды біз көп байқай бермейміз. Олай дейтін себебіміз, көп жастардың мал бағуға құлшынысы төмен екендігі жасырын емес.
Ал, біздің әңгімеміз Қазталов ауданына қарасты Қайыңды ауылының тұрғыны, 18 жастағы Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің студенті Әділхан Мұқаев туралы болмақ. Жалындаған жас былтырғы жылдан бастап атакәсіпке қызығушылық танытып, төрт түлік өсіруді қолға алады.
Бүгінгі күнде "Әділхан" шаруа қожалығын ашқан Әділхан Сайқұдық қыстағынан 500 гектар жер алып мал өсіруде. Әділханды IMG_3229әңгімеге тартқанымызда,- Негізі жастар «жұмыс жоқ» деп отырмаулары керек. Қазір кәсіп ашам деушілерге көп жағдай жасалып жатыр. Ең бастысы, қорықпай, алға ұмтыла берсең, кәсіп ашудың көптеген жолдары табылады. Оның үстіне біз - жастар нағыз ақпарат заманында өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан бос жатқанша, іздене беру керек сияқты. Кішкене кезімнен ауылда "Мал өсірсең, қой өсір..." дегендей қой бағып өстік. Бойымызға сіңген кәсіпті дамыту мақсатында мал шаруашылығымен айналысудамын. Қазіргі таңда "Сыбаға" бағдарламасымен 40 бас ірі қараға 1 бұқа алдым. 100 шақты қой-ешкі тағы бар. Қолдағы бар малмен осы кәсіппен айналысуға бел будым. Шүкір, жағдайым жаман емес. Осы Сайқұдық қыстағынан үй салып жатырмын. Қысқы науқанға дайынмын деп айта аламын,-деді Әділхан ініміз.
Жалындаған жас жігіттің бүгінгі қадамы көпшілік жастарға үлгі болады деп сенеміз!

Қайрат Жақып

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале