22.04.2016, 18:55
Оқылды: 18

Сала басшылары Қаратөбеде болды

ZH-350x350     Сәуірдің 21-і күні  ҚР  АШМ  АӨК  МИК-нің  төрағасының  орынбасары  Алмабек  Марс және ҚР  АШМ  АӨК  МИК  БҚО  инспекция  басшысы Ғ.А.Сахипов Қаратөбе ауданда болып, аудан бойынша  өсімдіктер  карантині  және  өсімдік  қорғау саласы  бойынша  биылғы  жылы жасалатын жұмыстарды пысықтап, осы  бағытта  бірнеше  тапсырмалар  берді.


     Республика  бойынша  «Көшет»  үш  айлық  акциясының  аудан  көлеміндегі жұмыстарымен танысып, бүгінгі таңда Қаратөбе ауданы  облыстағы аса қауіпті  өсімдік зиянкестерінен, карантиндік зиянкестер  мен арамшөптерден, аурулардан таза аудан болу себепті облыстағы үш  таза ауданның қатарына кіретіндігін айтты.

     Сала басшылары карантиндік шараларды алдағы уақытта аудан  көлемінде күшейтіп, транзитпен басқа облыстан тал, гүл көшеттері  арқылы таралуын болдырмау қажеттігін баса айтты.

  www.zhaikpress.kz

Ерболат РАЙСОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале