5.06.2015, 17:23
Оқылды: 32

Салғырттықты сын түзей ме?

Zelenov salgirttikti sin tyzeime   Зеленов ауданында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының саяси бюро кеңесінің отырысы өтті. Аудан әкімі К. Жақыповтың қатысуымен өткен жиында қоғамдық қабылдау жұмыстарының жүйелі жүргізілуі мен оның есебінің уақтылы тапсырылуы және бірқатар ауылдық округтердегі бастауыш партия ұйымының жұмыстары талқыланды.

Партия филиалының ағымдағы жылғы жұмысы туралы мәлімет берген төрағаның бірінші орынбасары А.Сигунов мәслихат депутаттарының қоғамдық қабылдаулары арқылы түскен сұрақтардың маңыздылығына тоқталып, соңғы уақытта қабылдауға түсетін сұрақтар қатарының сиреп кеткенін жеткізді. Тіпті кей депутаттар ай бойы қоғамдық қабылдауда ешқандай өтініш жоқ деп құтылуды әдетке айналдырған.

Күн тәртібінде Январцев оуругінің әкімі А. Жұмағалиевтың, Махамбет округінің әкімі Б. Ахметжановтың, Көшім округі әкімінің орынбасары А. Алмурзиннің, Зеленый ауылдық бастауыш партия ұйымының төрағасы В.Харкиннің есебі тыңдалды. Партия мүшелері қатарының толығуы, партиялық жарнаның уақтылы аударылуы, сондай-ақ партия бастамасымен іске асырылып жатқан қоғамдық шаралардың ұйымдастырылу жайын қамтыған есептерді тыңдаған филиал төрағасы қанағаттанарлық баға берді.

Жоспарлы басқосуларда берілген тапсырмалардың мардымсыз орындалуына жол берген округ әкімдері мен бастауыш партия ұйым төрағаларына есептік жұмыстармен жеке қабылдауыма келіңдер – деген аудан басшысы жауапкершілікке салғырт қараған депутаттар мен билік өкілдеріне қатаң ескерту жасады.

www.zhaikpress.kz

Нұрәлі Жапақ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале