11.08.2015, 18:58
Оқылды: 18

«Самұрық-Қазына» АҚ  Қазақстанға сенімді инвесторларды тартпақ  

 

Брифинг с БейсенгалиевымҚР Президентінің жанындағы ОКҚ-да «5 институционалдық реформаларды іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» жалпыұлттық жоспарын ілгерілету шеңберінде «Самұрық-Қазына» АҚ бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры Берік Бейсенғалиевтің қатысуымен баспасөз конференциясы болды.

Инвестициялар тарту бағытында (56, 59-қадам) ауқымды жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда Қордың инвестициялық қоржыны жалпы құны $121 млрд жуық 161 жобадан тұрады. Қордың инвестициялық жобаларын қаржыландырудың жалпы құрылымында меншікті қаражат 27%, қарыз қаражаты – 73% құрайды. Сөйтіп, Қордың және РБ салған әрбір 1 долларына сыртқы инвестициялардың $3 тартылады.

«Қолайлы инвестициялық ахуал жасау Қордың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қор ТМД, Еуропа, АҚШ және Азия елдерінен келетін жетекші компаниялармен – «зәкірлік инвесторлармен» ынтымақтастықты жолға қою бойынша жұмысты белсенді түрде жүргізуде» - деп атап өтті Б.Бейсенғалиев.

ИИДМБ шеңберінде «Самұрық-Қазына» жалпы $24,1 млрд сомаға 11 жобаны іске асырады, ол Индустрияландырудың республикалық картасына елдің барлық жобалары инвестицияларының жалпы көлемінің 73%-ын құрайды. Осы жобаларды іске асыру 23 мыңнан астам уақытша және 4,4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Соңғы үш жыл ішінде экономикалық өсуді қолдау бағытында Қор 15,7 мыңнан астам уақытша және 7,1 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құра отырып, $6,9 млрд  сомаға 35 жобаны пайдалануға енгізді. 2015 жылы шамамен 11 мыңнан астам уақытша және шамасы 6 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құра отырып, $5,9 млрд сомаға 20 жобаны пайдалануға енгізу жоспарлануда. Нұрлы жол шеңберінде Қор 11 мыңнан астам уақытша және  6 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құра отырып, жалпы $3,1млрд   сомаға 7 жоба іске асырылуда.

Трансформациялау бағдарламасы шеңберінде Қордың пассивті акционер рөлінен белсенді инвестор рөліне өтуі жоспарланып отыр.  Бұл өндіруші емес секторлардағы инвестицияларды ұлғайта отырып, экономиканың басым секторларына қаражат салуды білдіреді.  Жобаларды іріктеу кезінде Қазақстанның экономикасын әртараптандыру, инновациялық құрамдауышы бар жаңа өндірістерді құру, сондай-ақ жаңа технологиялар трансфері басымды болады.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале