1.07.2016, 18:49
Оқылды: 15

Сапасы да, бағасы да көңіл көншітеді

telefon kabyБала кезден ісмерлікке құмар  Гүлсім Өтепбергенованың шеберлігі хақында аудандық, облыстық газеттерде жазылып жүр.

Зеленов аудан орталығындағы Қасым Аманжолов мектебінде технология пәнінен сабақ беретін жас ұстаз қолы қалт еткенде іс тігумен айналысқанды жаны сүйеді.

Суретте бұл ісмердің ұялы телефонға арналған әсем ою-өрнектермен тігілген телефон қабы.

Ұзаққа төтеп бермейтін, сондай-ақ сатылу бағасы тым қымбат тұратын кейбір телефон қабына қарағанда, бұл туынды өзгерек. Ең бастысы, отандық өнім! Ешқандай қоспасы жоқ телефон қабының сапасы да, бағасы да көңіл көншітеді.

www.zhaikpress.kz
Айшабибі МӘМЕТ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале