5.04.2016, 15:51
Оқылды: 21

Сарайшық көшесінде жеңіл көлік отқа оранды

Saraishikta kolik ortendi     Бүгін Орал қаласында түскі мезгілде Сарайшық көшесінде №11 мектеп аялдамасы тұсында Volkswagen Passat B4 маркалы жеңіл көлік отқа оранды. Өрт сөндірушінің айтуынша, тілсіз жау көлік иесі көлігін  жол жиегіне қойып, сыртта жүрген кезде орын алған.


      Өрт сөндірушілер оқиға орнына тез арада жетіп, арнайы өрт сөндіру көбігімен сөндірді. Дегенмен, көліктің іші қас-қағым сәтте толықтай жанып кетті.

     Өрт салдарынан аталған көшеде көлік кептелісі орын алып, әкімшілік полиция қызметкерлері жол қозғалысын қалпына келтірді.

       Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз.

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале