15.06.2016, 15:19
Оқылды: 15

Сегіз тұрғын үй сатып алынады

Shingirlau 8 tyrgin yi   Шыңғырлау ауданында «Жаңғырту» бағдарламасы аясында көптеген қос қабатты үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, талай баспананың сәні келгенін бұған дейін де айтқан болатынбыз. Аудан орталығында бүгінгі таңда жөндеуге келмейтін, апатты жағдайда тұрған 8 үй бар болатын. Аудан әкімі Альберт Есалиев осы үйлердің тұрғындарымен кездесті.


  Кездесуде 2013 жылғы тексеру комиссиясының қорытындысы бойынша үй-жайлары апатты деп танылған Н.Қабдешова, М.Қартбева, Г.Тапалова, Н.Свешникова, А.Пасечникова, М.Музаева, В.Белянинова және Н.Мұхамбетовалардың үй алуына мемлекет тарапынан қаржы бөлініп отырғанын жеткізген аудан басшысы қаржыны игеру, тұрғын үйді сатып алудың жайын түсіндіріп берді. Бұл бағытта аудандық ТҮ КШ, ЖК және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Б. Ғылманов әуелгі апатты жағдайда тұрған меншіктегі баспанадан бас тарту, оны жою шаралары туралы мағлұмат берді. Аталмыш кездесу барысында белгілі болғандай, әрбір тұрғынға баспана алуға 2,5 млн. тенге қаржы бөлініп отыр. Енді оларға қысқа мерзімде апатты үйден бас тарту туралы арызын жазып, ел ішінен жаңа үй-жайлар қарауы, яғни, болашақ үй-жайларын өздері таңдауына мүмкіндік берілмек.

   Айта кету керек, аталған 8 тұрғынның бұған дейінгі баспаналарының көлемі 41ш/м-ден 53,0 ш/м аралығында болса, сатып алынатын үйлердің көлемі де осы мөлшерден еш кем болмауы керек, одан көлемдірек болуына рұқсат етіледі. Берілетін қаржы барлық тұрғындарға бірдей-2,5 млн. теңге.  Осы қаржыға үй сатушылармен келісе отырып, анағұрлым кең, көп бөлмелі үйлер сатып алуға да шектеу қойылмайды. Таңдалған үйлер тиісті орындар тарапынан  тексеруден өтіп барып, сатып алуға мақұлданады. Тағы бір ерекшелігі, алынған бұл үйлер коммуналды қызмет меншігінде қалады. Тұрғындар үйдің жал ақысын және коммуналдық қызмет көрсету құнын төлеп отырады.

  Бұрынғы апатты жағдайдағы баспаналар үй иелері тарапынан жойылып, орыны тазартылып, тегістеліп, босаған жер телімі жергілікті атқарушы билік орнына (округ әкімдігіне) тапсырылады. Бұл өз кезегінде бұзылған үй, қоқысты үйінділермен ауыл сәнін кетірмеуге жағдай жасайды.

   Аудан әкімі Альберт Есалиев осындай мәселелердің барлығын пысықтай отырып, тиісті құжаттардың дұрыс, уақтылы жиналуы, сондай-ақ, тұрғындарға сатылатын үйлерді таңдауда, іздестіруде көмек, қолдау көрсетуге коммуналдық қызмет көрсету бөлімдеріне нақты тапсырмалар берді.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға ЕЛЕМЕСОВ

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале