24.08.2016, 16:39
Оқылды: 26

Семей ядролық полигонының жабылуына 25-жыл толуына орай облыстық конференция өтті

semei   Қадыр Мырза Әлі мәдени және өнер орталығының конференция залында «Батыс Қазақстан облыстық Семей ядролық сынақ полигоны мүгедектері қоғамы» қоғамдық бірлестігі Семей ядролық полигонының жабылуына 25-жыл толуына орай «Қазақстан-бейбітшілік елі» атты облыстық конференциясы өтті. Оған Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау өңірлерінен баяндамашылар қатысты.


   Ішкі саясат басқармасының қолдауымен өткен аталмыш шараға мемлекеттік мекемелер мен саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар және ядролық апатқа қарсы халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының мүшелері конференция жұмысына қатысты. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгелі елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаҺандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында атқарылған жұмыстары барлық қазақстандықтар үшін мақтаныш сезімін туғызады. 2009 жылдың желтоқсан айында БҰҰ бас Ассамблеясы 29-шы тамызды ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні ретінде жариялау туралы Қазақстанның ұсынысын бір ауыздан қолдаған болатын. Осы орайда халқымыздың беибітшілік саясатын ұстанатынын және Елбасымыздың ядролық сынақтардың жабылуына зор үлес қосқандығын келешек ұрпаққа кеңінен насихаттауымыз қажет.

    - Елбасымыз денсаулық сақтау саласына үлкен көңіл бөліп отыр. Семей полигонында болған адамдармен біздің денсаулық сақтау басқармасы тығыз байланыстамыз. Қазіргі таңда облыс бойынша Семейде әскери борышын өтеген 742 адам тіркеуде тұр. Ағымдағы жылдың 7 ай көрсеткішіне сүйенсек 241 адам ем алып үлгерді. Семей полигонында болған адамдардың науқасы әртүрлі. Олардың ішінде жүрек, қан тамыр аурулары, сүйек және буын аурулары кездеседі. Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен соларға теңестірілген адамдарға барлық емханалар мен ауруханаларда арнайы кабинеттеріміз бар. Сонымен қатар Астана, Алматы қалаларындағы республикалық госпиталдарға 31 адам жіберілді. Жаңақала ауданындағы оңалту орталығында 40-қа жуық емделушіге қызмет көрсетілді. Амбулаториялық, портал бойынша стационарлық ем, күндізгі емханалар арқылы емделушілерге тегін қызмет көрсетудеміз. Осы тұрғыда әлеуметтік қызметкерлер мен психологтарда өз үлестерін қосуда. Олардың балалары да кішкентай кезінен диспансерлік тіркеуге алынады. Қан аздығы (анимия) балаларда жие кездеседі және оларда біздің басты назарымызда -дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс герантологы Айгүл Елемесова.

     - Облыстық көлемінде Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуына орай өтіп жатқан конференцияға қатысқаныма қуаныштымын. Өзім 1970-1972 жылдары Семей қаласында әскери борышымды өтедім. Бұл жерде айта кететін жайт, ядролық сынақ алу Семей полигонынан бұрын біздің өңірде, яғни Бөкей Орда жерінде орын алғаны белгілі. Соның салдарынан адамдар зардап шегіп, кейін ол жердегі халықтың таратылуына әкеп соқтырды. Ядролық сынақтардың зардабы әлі күнге дейін байқалады. Бұл мәселе бұдан бұрында қозғалып, айтылып келе жатыр. Десекте Семей ядролық полигонын жабу және маңызды саяси шешімін халық арасында кеңінен түсіндіру, қолға алған шарамыздың басты мақсаты деп білемін, - дейді техника ғылымдарының докторы, профессор Ермек Айталиев. Конференцияда облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Ербол Көшеков, халықаралық ядроға қарсы «Невада-Семей» қозғалысының төрағасы Ізімғали Көбенов (Ақтөбе), бас герантолог Айгүл Елемесовалар бүгінгі күннің өзекті мәселелері жөнінде баяндама жасады.

Темірболат Тоқмамбетов

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале