29.06.2015, 18:19
Оқылды: 23

«Серілердің» жеңісі

Zelenov serilirdin jenisi    Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттар басқармасы мен облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» облыстық ән фестивалінде зеленовтық «Серілер» квинтеті кәсіби шеберлігі мен айрықша таланты үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Аудандық мәдениет үйінің өнерпаз жігіттерінің басын қосқан өнер ұжымының құрылғанына көп бола қоймаса да, жарқ еткен өнерлері талайды тәнті етіп үлгерді.

– Әрқайсысы жеке өнер көрсетіп жүрген жігіттерді біріктіріп, жаңа әндер жазып, тыңдарманға тың дүние ұсыну көптен ойда жүрген іс еді. Қадамымыз сәтті басталды. Биылғы мерейтойлар тоғысқан тойлы жылда өнер сүйер қауымға осылайша сый жасамақпыз – дейді, жігіттердің дауыс үйлесімділігіне сай ән таңдап, өнер додасына дайындап жүрген жетекшілері Аслан Ғизатов.

Бүгін өнері озған квинтет мүшелерін арнайы құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов сәттілік тілеп, халықтың ризашылығын жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Нұржан Дүзбатыр

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале