20.04.2016, 17:39
Оқылды: 20

Скрининг-сақтануға сеп

 skrining    Обыр ауруларының  алдын алуда скринингтің алатын орны ерекше. Денсаулығыңды тексертіп, халқымызда «жаман ауру» атын иеленген бұл дерттің қай түрінен де сақтану әркімнің ұмтылуға тиіс ісі болса керек.


     Жыл сайын облыс орталығынан арнайы келетін жылжымалы маммографиялық тексеруші дәрігерлер тобы үстіміздегі жылы ауданымызға тағы да келіп отыр. Аудандағы нәзік жандылар ешқайда жол тартпай-ақ  аудан орталығында омырау обырының алдын алу мақсатында тексеруден өте алады. Осы жылы  380 қыз-келіншектер скринингтен өтуге тиіс болса, бүгінгі күні 250 аса тұрғын денсаулығын тексертіп үлгерген.

   Аудандық емхананың меңгерушісі Динара Шүренқызы бұл шара ауданымызда апта соңына дейін жалғасатынын айтты.

www.zhaikpress.kz

Гүлшат Ибрагимқызы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале