4.11.2016, 12:07
Оқылды: 27

Сот пен халық арасындағы дәнекер

%d1%81%d0%be%d1%82-%d0%bf%d0%b5%d0%bd-%d1%85%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d2%9b-%d0%b0%d1%80%d0%b0%d1%81%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b0%d2%93%d1%8b-%d0%b4%d3%99%d0%bd%d0%b5%d0%ba%d0%b5%d1%80Зеленов аудандық №2 сотында БАҚ, ҮЕҰ өкілдері, сот, прокуратура  мамандарының қатысуымен сот жүйесі дамуының негізгі бағыттары жайын талқылаған дөңгелек үстел оздырылды.


Жиынды  ашып  жүргізген  сот  төрайымы Ш. Зайнуллина:  -Сот  жүйесінің беделі   халықтың оған деген көзқарасы, сенімі арқылы айқындалатындықтан, соттардың жұмысы   халық үшін қолжетімді болуы тиіс деп ойлаймын. Соттағы өтіп жатқан іс-шаралар көп  жағдайда БАҚ өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылып келеді. Өлкеміздегі сот жүйесі туралы жаңалықтардың барлығы тілшілер қауымдарының арқасында халыққа дер кезінде түсіндірілуде. Бұл ретте БАҚ-тың рөлі зор. Негізі ішкі саясат басқармасы иделогияның бірнеше бағытымен айналысады. Біріншісі, үкіметтік емес ұйымдар. Одан кейін азаматтық сектор. Осылардың ең ірісі-ақпараттық бағыт. Ең бірінші жүзеге асырылатын өзекті  мәселе - ол  бұқаралық  ақпарат құралдары өкілдерімен жұмыс. Аудан көлеміндегі барлық мамандардың айтуынша суицид, терроризм, жер туралы тақырыптар жөніндегі ой-пікірлері өте маңызды. Шыны керек,ҮЕҰ басын қосу өте  қиын. Десек те біз олармен  ара-тұра болса да байланыста боламыз. Атап  айтқанда, аудандық «Арна»   әйелдер  қоғамдық  бірлестігімен  байланыс нығайып келеді. Олардың өз көзқарастары бар, кез келген даулы мәселелердің ортақ шешімге келуіне септігін тигізеді. Барлық партия Елбасы саясатын қолдайды. Тағы  бір  айта  кететін  жайт–сот жүйесі  «100  нақты  қадам» Ұлт жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың  қаңтар  айынан  бері  қазақстандық  соттардың   жаңа үшбуынды жүйе жағдайында жұмыстар атқаруда. Жаңа жүйеге байланысты  біршама  өзгерістер  енгізілді. Ол  туралы  баспасөз  беттерінде жарияланды. Заң  үстемдігі принципін іске асырудың басым бағыттарының бірі болып табылатын татуластыру процедуралары маңыздылығы артып келеді,-деп жиынның мақсат-міндеттерімен таныстырып өтті. Жиын  соңында  сөз  алған  аудандық  «Арна»  әйелдер  қоғамдық  бірлестігінің  жетекшісі  О.Смак, мұражай   директоры  О.Чеканова, «Батыс- шаруа»  несие  серіктестігінің   бастығы  Н.Ақаев, жергілікті әкімшіліктің  бас  маманы  Р.Самарцевалар БАҚ-пен және   ҮЕҰ -мен  ынтымақтастықты дамыту жөніндегі  ойларымен бөлісіп,  ұсыныстарын білдірді. Өйткені, БАҚ пен ҮЕҰ-сот пен халық арасындағы дәнекер.

 

Гүлжан Аязбаева

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале