17.03.2016, 16:23
Оқылды: 22

Спортшыға құрмет

????????????????????????????????????

  16 наурыз күні Жалпақтал ауылындағы аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Айбар Мұғалбаев мерей той иесі Ғаділбек Сатыбалдиевке құрмет көрсетті.


Ғаділбек Тілекқабылұлы 1961 жылы наурыз айында Жалпақтал топырағында дүниеге келген. 1978 жылы орта мектепті аяқтаған жас түлек сол жылы Орал қаласындағы №78 кәсіптік техникалық училищесіне оқуға түсіп, ойдағыдай бітіріп шығады. Кейін 1984 жылы Орал қаласындағы педагогикалық институтының дене шынықтыру  факультетіне оқуға түсіп, 1989 ақтап шығады. Еңбек жолын №17 Жалпақтал кәсіптік училищесінен бастайды. 1991 жылдан күні бүгінге дейін аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып еңбек атқарып келеді. Жас кезінде самбо, дзюдо күрестерімен айналысып, жастар арасында ҚР чемпионатының жүлдегері атанды. 2006-2008 жылдары ардагерлер арасында самбо күресінен ел чемпионатында үш мәрте жеңімпаз атанса, бүгінде шәкірттері республикалық, облыстық, аудандық сайыстар топ жарып келеді.

Дзюдо күресінен жоғары деңгейдегі І санатты жаттықтырушы Ғаділбек Сатыбалдиевке аталмыш мекеменің басшысы Айбар Мұрадымұлы:

-Сізді мерейлі 55 жасыңызбен ұжым атынан шын жүректен құттықтаймыз. Сіз мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, спортты жаныңызға серік еттіңіз. Алдағы уақытта еңбегіңіздің жемісін көріп, талай шәкірт тәрбиелеп, сол шәкірттеріңіз әлемдік додаларды топ жарып, әнұранымызды асқақтатып, көк байрағымызды желбірете берсін. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, бар жақсылық тілеймін,-деп мерейтой иесінің иығына шапан жауып, алғыс хатты табыс етті.

Жиын соңында дзюдо күресінен жоғары деңгейдегі І санатты жаттықтырушы Ғаділбек Тілекқабылұлы осындай құрмет-қошеметі үшін өзінің алғысын білдірді.

 www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале