9.06.2015, 18:40
Оқылды: 27

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолындағы жиын

1-суретҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен аудан активі жиыны өтті.

Аудан басшысы Нұрлан Сағынтайұлының кіріспе сөзінен соң, актив тізгінін қолға алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, тәртіптік кеңес төрағасы Н.Б.Сүйінбаев аталмыш саладағы соны өзгерістерді егжей-тегжейлі түсіндіріп, біздің ауданымызға қатысты жайларды да тілге тиек етті.

Өз кезегінде аталмыш департаменттің мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Ерік Төлепқалиев, аудан прокурорының аға көмекшісі Руслан Шәкіржанов, аудан әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев және Батыс Қазақстан облысының «Заман» өндірушілер қауымдастығы төрайымы, аталмыш департамент пен «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі Айгүл Туркина тақырыптық хабарламалар жасап, жаны ашитын мемлекеттік қызметшілер корпусын қалыптастыру мемлекет дамуының негізгі алғышарттарының бірі болып табылатындығына баса назар аударды.

www.zhaikpress.kz

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале