22.06.2016, 16:57
Оқылды: 19

Сыбайлас жемқорлық мәселелері талқыланды

сыбайлас жемқорлық талқыландыБүгін «Нұр Отан» партиясы Жәнібек аудандық филиалының ұйытқы болуымен «Жемқорлықсыз ел-гүлденген ел» партиялық жобасының аясында дөңгелек үстел оздырылды.


Құқық қорғау саласы қызметкерлері, белсенді жастар қатысқан басқосуда «Сыбайлас жемқорлық-қоғамды жайлаған індет» тақырыбында  әңгіме өткізіліп талқыланды. Жиында аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бекет Әліпқалиев, аудан прокурорының аға көмекшісі Асланбек Кабдрахимов, аудандық ішкі істер бөлімінің кадр жұмысы жөніндегі аға инспекторы Бауыржан Орақаев, БҚО ТЖД-нің Жәнібек ауданы ТЖБ-нің бастығы Серік Алтаев сыбайлас жемқорлықпен күресу, оның алдын алу хақында жиналғандарға  кеңінен баяндады. Сонымен қатар олар басқосу барысында осы мәселеге байланысты туындаған сауалдарға жауап берді. Басқосуға қатысушылар алдында  «Нұр Отан» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев ҚР Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 жарлығымен бектілген «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» туралы баяндама жасады.

Жиын соңында аудандық партия төрағасының бірінші орынбасары құқық қорғау саласының ардагері Бекет Әліпқалиевті полиция қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтап, құттықтау хат пен естелік сыйлық табыстады.

                                                                             www.zhaikpress.kz
Н.Жапақов

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале