12.04.2016, 17:23
Оқылды: 14

«Сыбағадан» құр қалмады

????????????????????????????????????

        Зеленовта өткен жылы 34 млн.теңге тұратын 177  ірі қара мал басы сатып алынды.

        Атап айтсақ, «Батыс-Шаруа» ЖШС арқылы «Миносян» ШҚ 6,5 млн.теңгеге 36 бас, «Алға» ШҚ 6,3 млн.теңгеге 26 сиыр және 2 бұқа, «Сағымжанов» ШҚ 6,1 млн. теңгеге 30 қашар мен 2 бұқа алса, ал агрокредиттік корпорация арқылы 15,0 млн теңгеге «Тукушев» ШҚ  78 ІҚМ, 3 бұқа сатып алды.


          «Гурсаев» ШҚ «Батыс-Шаруа» ЖШС арқылы қосымша 30,0 млн.теңгеге 100 асыл тұқымды қашар және 4 асыл тұқымды бұқалар алып, мал  шаруашылығын  дамытуда.

         Сонымен бірге  «Аслан-Дархан» ШҚ 3,0 млн.теңгеге, «Три-Ал» ШҚ 30,0 млн.теңгеге және «АгросервисБатыс» ЖШС 30 млн.теңге, «Асан-Аул» ЖШС 30 млн.теңге көлемінде негізгі қаражат алуды алдағы уақыттың еншісіне қалдырып отыр.

         «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы Махамбет  ауылындағы «Шканов» ШҚ  Ресейден 100 бас қара ала тұқымды сүтті асыл тұқымды қашар, Забродино елді мекеніндегі «Көбеев» ШҚ 60 қашар мал басын сатып алған.

www.zhaikpress.kz

Д.БЕРІШ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале