2.07.2015, 19:50
Оқылды: 20

Сырымда жаңа кешен ашылды

Sirim sport sarayi02 Бүгін Сырым ауданының орталығы Жымпитыдағы 160 орындық дене шынықтыру – сауықтыру кешені салтанатты түрде ашылды. Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов арнайы қатысты.

Осы сияқты спорт ардагері Ғилаж Қаналиев, мердігер «АзияТехСтрой» ЖШС директоры Армат Әлімбетов және самбо күресінен Азия біріншілігінің жеңімпазы, жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Гауһар Сағадат аудандағы қуанышқа орай лебіз білдірді.

Кейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов пен самбо күресінен 6 дүркін Әлем чемпионы Қазболат Құрмашов ғимаратты салтанатты ашу рәсімін жүргізді.

Мердігер серіктестік «АзияТехСтрой» ЖШС директоры Армат Әлімбетовтың айтуынша құны 268 млн болатын кешеннің құрылысы 6 айда толық аяқталған. Жаңа нысанның ішінде үлкен спорттық зал, жаттығу залы мен күрес залы, киім ауыстыратын бөлме және 160 адамға арналған көрермендер орыны бар. Спорттық залдың едендегі жабыны соңғы технологияның мүмкіншілігін қамтиды. Кешеннің ішкі құрылысы желдету жүйесінің сауатты жүргізілуімен ерекшеленеді.

Осы күні Сырым ауданында облысқа қарасты аудандардың құрама командаларының қатысуымен ерлер арасында волейболдан Астана күніне арналған аудандық ашық турнир өтті. Турнирдегі алғашқы допты соғу құрметі Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Арман Өтеғұловқа ұсынылды.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале