1.06.2015, 10:53
Оқылды: 29

Сырымда қуғын-сүргін құрбандарына арналған Халықаралық форум өтті

Sirim sayasi kygin syrgin 02  Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай 30 мамыр күні ауданда халықаралық деңгейдегі ауқымды шаралар өтті. Бұл қазақ үшін қасиетті де қастерлі, маңызды күнді Алаш зиялылары ұлттық идеяның негізін қалаған Жымпитыда өтуі өте орынды.

Шерлі шежірені тағы бір ой сүзгісінен өткізіп, арыстар аманатын бүгінгі ұрпақтың санасына жеткізуге талпыныс жасайтын саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым – Өткенге тағзым» жобасы аясында ауданымызда «Шерлі шежіре аманаты» Халықаралық форумына  өзге елдерден келген ғалымдар қатысты. Алдымен Сырым Датұлы кесенесіне, аудан орталығындағы Алаш саябағына  тағзым етіліп, гүл шоқтары қойылып, ағаш көшеттері отырғызылды. Форум «Алаш мұратынан - «Мәңгілік Ел» белесіне» атты еске алу шарасымен жалғасты.

Аналар кеңесі мен әйелдерге арналған «Ана денсаулығы -  ұлт денсаулығы», жастарға «Құрмет.Түсіністік.Келісім» тақырыбында семинар-тренинг, «Теңдессіз сый»акциясы, зиялы қауым өкілдерімен «Қоғамдық келісім және ұрпақтар сабақтастығы» аясында дөңгелек үстел өтті.

Форум соңында аудан әкімі А.Шыныбековке, қоғамдық кеңес төрағасы А.Жүсіповке, мұражай директоры А.Ойшыбаеваға, спорт ардагері Ғ.Қаналиевке «Армия генералы С.Нұрмағамбетов» медалі, ал Қорғаныс Министрлігінің «Әскери-техникалық мектебіне 15 жыл» медалі «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Исановқа, «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының» жетекшісі Д.Тайшиевтің кеудесіне тағылды. Саяси қуғын-сүргін және Ұлы Отан соғысында шейіт болғандардың рухына арналып ас берілді.

www.zhaikpress.kz

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале