7.09.2015, 11:07
Оқылды: 33

Сырым ауданында «Денсаулық - 2015» фестивалі таңғы жаттығудан басталды

Sirim jygiru  Сырым ауданы орталығындағы алаңға жиналған жымпитылықтар үшін «Қай   сар» спорт клубының әдіскерлері нұсқаулық жасады. Кейін қалың көпшілік «Еркеназ» би ұжымының мүшелерімен бірге флеш – моб биледі.

Тұрғындар бұл күні бұқаралық жүгіруге шықты, кейбір бөлігі велосипедшілер жарысына қатысты. Спорт мерекесінің қатысушылары осы қалыппен Жымпитының басты көшелерін жүріп өтті. Жүгіруші жұрттың қатарын өз әріптестерімен бірге аудан әкімі Абат Шыныбеков толықтырды.

Қорытынды шара Сырым Датұлы атындағы мәдени – демалыс саябағында ұйымдастырылды. Осы жерде аудан басшысы Абат Шыныбеков құттықтау сөз сөйлеп, денсаулық күнінің жеңімпаздарын марапаттады.

Саябақ ауласында «Қайсар» спорт клубының ұйытқы болуымен ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткенін айта кеткен жөн.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале