10.06.2015, 15:16
Оқылды: 40

Сырым ауданында оқу-жаттығу жиыны аяқталды

IMG_0749Бүгін Сырым ауданында 10 сыныпты бітіруші жасөспірімдер үшін өткізілген 5 күндік далалық оқу – жаттығу жиыны аяқталды. Жиынның салтанатты жабылуы шарасына аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Дәулетқали Нұрғожин, ардагер ұстаз Ғилаж Қаналиев, Сарой ауылдық округінің әкімі Сағидоқас Бақтығалиев және білім беру бөлімінің мамандары қатысты.

Өткізу жұмысы соңғы жылдары кенжелеп қалған 5 күндік оқу-жаттығу жиыны биылдан бастап аудан әкімі Абат Шыныбековтің арнайы тапсырмасымен қайта қолға алынып отыр. Биылғы жиынға қатысқан 77 оқушы 5 күн ішінде алғашқы әскери дайындық пәнінен алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде қолданды. Роталар арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

Оқушылардың қатысу белсенділігі мен үлгерімі бойынша бағалаудың нәтижесімен жалпы командалық есепте М. Қаналиев атындағы Алғабас орта мектебі топ бастады. Осы сияқты Қ. Мырзалиев атындағы орта мектеп  пен Бұлдырты орта мектебі үздіктер қатарында.

Оқу-жаттығу жиынында жақсы көрсеткіш көрсеткен оқушылар мен олардың ұстаздары құрметті төралқаның мүшелері тарапынан марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале