1.09.2015, 20:13
Оқылды: 27

Сырым ауданының әкімі Бұлдырты орта мектебіндегі алғашқы қоңырау салтанатына қатысты

Sirim Byldirti  Бүгін Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков Бұлдырты орта мектебіндегі алғашқы қоңырау салтанатына қатысты.

  • Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның білім сапасы биік деңгейге көтерілді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бүгінгі заман – бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман» деген сөзі өзінің құндылығын арттырып келе жатыр. Себебі, білім қай кезде де алдымен адамдықтың ажары болды. Осы сияқты жаһандық үрдістерді игеру үшін де адамға білім керек.

Қазақстандық жастарға сапалы білім алу үшін мектептен бастап жағдай жасалған. Енді соны пайдалану керек. Ол үшін біздің жастарға ынта керек, жігер керек. Мен ауданның жастарын осыған шақырамын.

Жаңа оқу жылы құтты болсын! – деді аудан басшысы өзінің құттықтау сөзінде.

Биыл Сырым ауданы бойынша барлығы 3061 оқушы 2015-2016 жаңа оқу жылына кірісті. Осының ішінде 341 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады.  Бұлдырты орта мектебінің 1 сыныбына биыл 42 оқушы барды. Жаңа оқу жылының жаңалығы сол, еліміздегі барлық бірінші сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы сыйлығы табыс етілуде. Елбасының сыйлығын бұлдыртылық балғындарға аудан әкімі Абат Шыныбеков пен аудандық білім беру бөлімінің басшысы Мақсот Бижанов тапсырды.

Аудан әкімі Абат Шыныбеков салтанатты шарадан кейін  Бұлдырты орта мектебінің жанындағы интернаттың жаңа оқу жылына деген дайындығымен танысты. Мектептің 11 сыныбында  аудан әкімі Абат Шыныбековтың қатысуымен «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбындағы сынып сағаты өтті.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале