4.09.2015, 19:38
Оқылды: 37

Табиғи газбен, көмірмен, мазутпен, дизель отын бағасы бұрынғы күйінде сақталады

 

Копия брифинг    Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Бәйменовтың айтуынша, жанар-жағармайдың кейбір түрлеріне бағаны мемлекеттік реттеуден босату қысқы жылыту маусымына әлеуметтік нысандарды дайындау жұмыстарына өзінің «салқынын» тигізбейді. Өйткені бюджеттік, әлеуметтік нысандардың басым көпшілгі табиғи газбен, көмірмен, мазутпен, дизель отынымен жылытылады. Ал олардың бағасы бұрынғы күйінде сақталады.

-Бүгінде өңірімізде жанар-жағармайдың қажетті көлемі жеткілікті. Қолымыздағы мәліметтер бойынша, 300 мың тоннадан астам Аи-92 бензинінің қоры бар. Одан басқа ҚР Энергетика министрлігі облысқа қыркүйек айына 4470 тонна Аи-92 бензинін бөлді. Сондықтан қазіргі облыстағы бензин қоры тұрғындардың бензинге деген сұранысын қанғаттандыруға жеткілікті. Мұнай өнімдерінің өзге де түрлерінің қоры облысымызда жеткілікті, -деді М. Бәйменов.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале