17.03.2016, 16:28
Оқылды: 76

Табиғи газдан уланудың алдын алу іс-шаралары жүруде

  Gazdan ulanu       Батыс Қазақстан облысында азаматтардың табиғи және улағыш газдармен улануын алдын алу іс-шараларын өткізу жалғасуда.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Орал қаласы Төтенше жағдайлар  бақармасының инспекторларымен бірге саяжай  кооперативтеріне рейд өткізді.


Саяжай коорперативтерінде өрт қауіпі тек жазғы уақытта да емес, қысқы уақытта да қауіпті екені жасырын емес. Тұрғындардың көпшілігі жыл бойы саяжайда күнделікті ошақтық және электр жылытқыштарды қолданады, әрдайым өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтамайды.

Көктемнің басталуы мен аяздың басылуымен көптеген үй иелері жанармайды таңнан кешке дейін жағады, жылуды сақтап қалу үшін пешті жай ғана жағып,пеш жапқышты жауып қояды, соған орай улы газбен улану қауіпін сақтауға ерекше көңіл бөлінген.

Улы газбен улану әлі күнге дейін жантүршігерлік оқиға болып отыр. Улы газдың иісі болмайды, ал егер түтін болмаса, улану байқаусыздан болуы мүмкін, және түнгі уақытта өте қауіпті болып табылады.

Қызметкерлердің жорықты өткізу уақытында тұрғындарға улы газдың өте қауіпті екенін естеріне салып, қауіпті оқиғалардың статистикасы өткізіліп, және де улы газдармен уланудың алдын алу туралы негізгі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.

Сонымен қатар, рейд кезінде тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі қағидаларының, өрт және т.б. оқиғалар пайда болған кезде қоңырау шалу керек телефон нөмерлерінің жадынамасы таратылды.

Бұл мәлімет бойынша профилактикалық  жұмыс бағытында көп балалы және жағдайы нашар отбасыларға ерекше көңіл бөлінді.

         Профилактикалық рейд әлі де жалғасуда.

 www.zhaikpress.kz

БҚО ТЖД

Протопопова Ольга

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале