10.02.2016, 15:03
Оқылды: 16

Тасқалада конференция өтті

????????????????????????????????????

   Кеше Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығының Тәуелсіздік залында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы партия ұйымының кезектен тыс ХІХ конференциясын өткізді.


         Конференция жұмысына партияның аудандық филиалының саяси кеңес және саяси кеңес бюро  мүшелері, бастауыш партия жетекшілері, ауылдық округ әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, партия активі және қоғамдық ұйымдар қатысты. Шараға аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Санжар Әлиев төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі бірінші сұрақ бойынша «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Думан Ғазез «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасы туралы баяндама жасады. Сонымен қатар алдын ала жарыссөзге жазылған қатысушылар да сөз сөйледі. Ал, күн тәртібіндегі екінші сұрақ бойынша саяси кеңес бюросының мүшесі Айгүл Дүйсенова «Нұр Отан» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлерді ұсыну туралы өз баяндамасын оқыды. Жиын соңында сайланған 28 делегат күн тәртібінде қаралған екі мәселе бойынша қаулы жобасын қарап, бірауыздан қабылдады.

www.zhaikpress.kz

Манас Маратұлы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале