21.09.2015, 18:20
Оқылды: 31

«Татар мәдениеті күні» өтті

tatar madeniet kyni      Облыстық жастар шығармашылық орталығында «Татар мәдениеті күні»  атты мерекелік шара өтті. Татар халқының  салт-дәстүрі мен әдебиетінен, мәдениетінен сыр шертетін көрме көрерменге   жақсы әсер қалдырды.  Шараға арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен татар халқын мерекемен құттықтады:

-        Биылғы Қазақстан халқы ассамблеясы жылы аясында  өңірімізде де, елімізде де  көптеген шаралар өткізілуде. Бір шаңырақта бас қосқан сан  ұлт өкілдерінің  салт-дәстүрі, мәдениеті, тарихымен таныстыруы  біз, өскелең ұрпақ, үшін  қажет дүние.  Мен татар халқын облыс әкімі Нұрлан Асқарұлының атынан және  өз атымнан бүгінгі мерекемен құттықтап, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Әр отбасында бірлік пен тұтастық болған жағдайда ғана біз мәңгілік елге айналамыз, - деді ол.

Кеште татар халқының тарихы туралы мәлімет берілді. Әрі қарай мерекелік кеш концерттік бағдарламаға ұласты.

www.zhaikpress.kz

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале