12.10.2015, 18:13
Оқылды: 36

Таудағы той

таудагы тойЖәнібек ауданындағы Тау ауылында Қазақ хандығының 550, ҚР Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20, Ұлы Жеңістің 70 және аталған ауылдың  құрылғанына 50 жыл толуына байланысты мерейтойлық шаралар оздырылды.

Той меймандарын құттықтаған Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Аманжол Қадырбеков пен Тау ауылында ұзақ жылдар бас инженер қызметін атқарған еңбек ардагері Қайрат Матаев Ұлы Отан соғысында қаза тапқан таулық боздақтардың ескерткішіне гүл шоғын қойып, жұртшылық майданнан оралмаған жерлестерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Ауылдың бір топ еңбек ардагерлері аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

таудагы той (1)Одан әрі ұлттық ойындар мен спорттық сайыстар өткізілді. Тау ауылында тұңғыш рет оздырылған ат үстіндегі аударыспақ ұлттық ойынында Арман Малаев ешкімге дес бермей бірінші орынға ие болса, теңге алудан Алмат Оразбаев бас жүлдені иемденді. Қой көтеруден Нұртілек Мизамбаев алдына жан салмаса, гір тасын көтеруден Мейрам Қаратаевқа тең келер ешкім болмады. Арқан тартудан Жәнібек ауылының жастары бірінші орын алды. Ал «Өгіз палуан» атағын алу үшін қазақша күресте Нұржан Есімов осы атақты иемденсе, «Түйе палуан» атағын Мейрамбек Дошимов жеңіп алды. Жеңімпаздардың барлығына да Тау ауылындағы шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер демеуші болып, өздерінің заттай бағалы және ақшалай сыйлықтарын тарту етті.

Тау ауылындағы мерейтойлық салтанат осы ауылдың және Жәнібек, Ақоба ауылдарынан арнайы келген көркемөнерпаздардың мерекелік концертімен мәресіне жетті.

         www.zhaikpress.kz

Н.Өтей

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале