29.07.2015, 10:19
Оқылды: 18

Теміржолдағы тіршілік

  Shingirlau temirjoldagi tirshilik  Теміржол - республикалық көлік кешеніндегі маңызды қатынас құралы

ағылған пойыздардың вагондарының жай-күйін тексеріп, қауіпті ғана емес, сонымен қатар көлік инфрақұрылымындағы басты буын.

Ел мен жерді байланыстырып, тауар тасымалының қызметін жандандыру да осы теміржолдың еншісінде. Біздің ауданымыздағы теміржол стансасы 5-ші санатқа жатады. Бір қарағанда тыныш та жайлы болып көрінетін олардың жұмысы біз ойлағаннан да ауыр екені белгілі. Вагон жөндеушілер әрлі-берлі жағдайлардың алдын алу үшін күні-түні тыным таппаса, жол бойындағы теміржолшылар жаздың аптап ыстығы, мен қыстың қақаған аязы мен бет қаратпас боранында бір мігір таппай, шойын жол қатынасында үзіліс болмауын қадағалайды. Ал байланыстағылар болса стансалармен хабарласып, жол бойындағы тіркемелі пойыз-дардың бағыттарын анықтап білсе, ауысыммен жасайтын 4 вокзал кезекшілері жұмыс барысында пойыздардың қозғалу бағытынан хабардар болып, олардың уақытылы немесе кешігіп келе жатқандықтарын мәлімдеп отырады.  Бұл  ұжымға  24 жыл өмірін арнаған Аманхалды Сатыбалдиев басшылық жасайды.

Бұл күнде теміржол бойында қайнаған тіршілік. Аудандағы асфальт зауытының жұмысына қажетті қиыршық тастар мен құм жүк пойызымен келіп жатса, екінші жағынан басталған астық ору науқанына орай астық тасымалдау  жұмысы да қарқын ала бастаған. Сонымен қатар жергілікті кәсіп-керлер де осы теміржол қызметін тиімді пайдаланып құрылыс заттарын тасымалдауда шойын жолдың көмегіне жүгінуде. Бұл өте тиімді әрі арзанға түседі екен.

www.zhaikpress.kz

Гүлшат Ботанова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале