16.08.2016, 15:12
Оқылды: 14

Теректіліктерден «тарту»

Қадыр Мырза Әли атындағы өнер және мәдениет орталығындаkorme Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай ауданымыздың жастары мен жасөспірімдерінің «Тәуелсіздікке тарту» атты қолөнер туындылары көрмесінің ашылу салтанаты өтті.


Шараға аталмыш орталықтың директоры Бауыржан Халиолла, танымал суретші, ҚР Суретшілер одағы облыстық филиалының төрағасы Қайыр Оразғалиев, аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов, сондай-ақ, ауданымыздың құрметті азаматтары мен азаматшалары, мәдениет және өнер саласының майталмандары қатысты.

            Ең алдымен, үлкендер қауымына ақ ұсынылды. Одан соң БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысы атынан Б.Ергенұлы құттықтау сөз сөйлеп, көрмені ұйымдастыруға қолдау білдіргені үшін аудан әкімі М.Мұқаевқа арналған Алғыс хатты орынбасары А.Серғазыұлына табыстады.

   Жиын соңында барлық қатысушылар қылқалам шеберлерінің туындыларын тамашалады.

Қайыр Оразғалиұлы, танымал суретші, ҚР Суретшілер одағы облыстық филиалының төрағасы: Теректілік өрендер мен ұстаздарының барлық еңбегін қарап шықтым. Барынша тырысқандары көрініп тұр. Маған  Подстепныйлық Ж.Амированың «Шым кестесі» (жетекшісі – А.Есенбекова), Г.Айболатованың «Шөл далада», «Қыс келбеті» (жетекшісі – Г.Иманбаева) атты туындылары ерекше ұнады. 1-2 түспен-ақ керемет үйлестіре білген. Бір өкініштісі, бұл көрмеде графика, мүсін, кескіндеме мүлдем болмады. Алдағы уақытта осыны ескерсе деймін.

Аягөз Айбарқызы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале