5.11.2015, 12:08
Оқылды: 17

Теректілік өрендер Италияда өткен халықаралық фестивальде жеңімпаз атанды

Terekti Italia   Италияның Римини қаласында 1-4 қараша аралығында өткен "HELLO ITALIA" халықаралық фестивалінде Подстепный ауылындағы Теректі аудандық №3 музыка мектебінің жас таланттары жеңімпаздар қатарынан табылды.

Мектеп директоры Меруерт Ғаббасованың хабарлағанындай, өңірге танымал маман, дирижер, композитор, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Еркін Нұрымбетов жетекшілік ететін «Теректім» фольклорлық ансамблі бірінші орынды жеңіп алды. Сондай-ақ жеке орындаушылар арасында Інжу Мұхамбетрақымқызы (ұстазы Жәмила Нұрымбетова) қобыздан бірінші,  Зәмзагүл Ғаббасованың шәкірті Әйгерім Халиоллиева домбырадан екінші орынды иеленіп, лауреат атанды.

«Байқауға Италияның атақты өнер қайраткерлері төрелік етті. Сайыстың шартында бас жүлде болған жоқ. Әр аталым бойынша бір бірінші, екі екінші, үш үшінші орын болды. Фестивальге Ресей, Беларусь, Өзбекстан елдерінен де қатысты. Солардың ішінде Қазақстан атынан барған теректілік өрендер жарып шығып, еліміздің көк туын биікте желбіретті», деді топты бастап барған ҚР білім беру ісінің үздігі әрі құрметті қызметкері Меруерт Каздукқызы.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале